Адамдар не дейді, қалай қабылдайды, ұят болмайма деген түсінікті құртыңдар! Адамдар не демейді, мысалы: Сабағынды жақсы оқысаң - задрот, оқымасаң - " тупой". Ешқайда шықпай үйде отырсаң - үйкүшүк, көшеде жүретің болсаң - қаңғыбас!. Жұмыс істемей үйде жатсаң арамтамақ, жұмыс істесең - " е ана жерде істеп жатырсыңба", жақсы жерде істесең - таныс арқылы кірді, ақша беріп кірді. Қызбен жүрмесең - тасжүрек, жүрсең - подкаблучник. Ерте үйленсең - қызы залет, үйленбесең - бабник! Квартира алсаң - " ее кредитка алған", наличкаға алсаң - әкесінің ақшасы! Бір жетістікке жетіп, жағдайынды жасап алсаң - мажор, байдың баласы, жете алмасаң - неудачник!. Темекі шекпей, арақ ішпесең - спортик, шексең - наркоман! Намаз оқысаң - вахабист, оқымасан- имансыз, күнахар! Қыздар хиджаб кисе - вахабист, қысқа кисе- жезөкше! Тыныш жүрсең, өз бетіңмен - лох, шулатып журсең бандит! Адамға ешқашан ештеме жақпайды, мін айтылады, сын айтылады! Сондықтан өзіңнің білгеніңді істе, жақсы деп нені шешесің соны істе!! (c) От души, бауырым!

Теги других блогов: адамдар түсінік қабылдау